Жаңа жыл қарсаңында «Динамо» спорт қоғамы кішкентай спортшылар үшін футбол ұйымдастырды

Жаңа жыл қарсаңында «Динамо» спорт қоғамы кішкентай спортшылар үшін футбол ұйымдастырды

«Динамо» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының спорт залында кішкентай «динамошылар» үшін спорттық мереке өтті. Оған дене шынықтыру-спорт қоғамында шағын футболмен айналысатын 5 жастан 12 жасқа дейінгі 52 ұл мен 3 қыз қатысты.

Мерекелік турнир төрт жас шамасында өтті. Ұйымдастырушылар спорттық іс-шараны әсем шыршамен әрлендіріп, Аяз Ата мен Ақшақарды шақырды. Балалар тақпақтар айтып, жұмбақтар шешті.

Барлық қатысушыларға «Динамо» ДШСҚ мен демеушілердің сыйлықтары берілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша жаттықтырушылар ұжымы таңдаған кіші топтардағы үздік ойыншылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараға солтүстікқазақстандық «Қызылжар» командасының үздік ойыншыларының бірі — кәсіби футболшы Тимур Мульдинов арнайы келіп балаларды құттықтады, сыйлықтарын табыс етті.

Өз кезегінде ата-аналар да ұйымдастырушыларға спорттық мереке үшін, балаларға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстануға қамқорлық жасағаны үшін алғыстарын білдірді.