СҚО-да сыра тиелген жүк көлігі аударылып қалды

СҚО-да сыра тиелген жүк көлігі аударылып қалды

СҚО полицейлері жүргізушілерге қыста жолда сақ болуды ескертеді. Ауа-райының қолайсыздығында жолдың қауіпті учаскелерінде жылдамдықты төмендету керек, көктайғақ болуы мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.

«Астана-Петропавл» 436 км республикалық маңызы бар тасжолының Ленинск а. жанында «Volvo» жүк көлігінің тізгінінде болған 63 жасар Қырғызстан жүргізушісі тізгінге ие бола алмай кюветке аударылды.

20 мың кг сыра тасымалдаған фура аударылды. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігі механикалық зақымданған. Полиция қызметкерлері және өтіп бара жатқан жүргізуілер Қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.

Тәртіп сақшылары жүргіушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа-райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің хабарламаларын бақылауды, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді, жылы киімдер мен құрал-саймандарының болуын қатаң ұсынады.

21 желтоқсан күні кешке 21 жасар жүргізушінің «Volkswagen Golf» автокөлігінің артқы доңғалағы жарылған. Полицейлер оны бұрқасында «Екатеринбург — Алматы» жолын тексеру барысында байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге құрал-саймандарын ұсынды. Жас жігіт полицейлерге көмектескендері үшін шын жүректен алғыс білдірді.