Полицейлер мен жол ұйымының қызметкерлері қамыс арасынан машинаны сүйреп шығарды

Полицейлер мен жол ұйымының қызметкерлері қамыс арасынан машинаны сүйреп шығарды

СҚО-да полицейлер Жамбыл ауданынан «Renault Duster» автокөлігімен келе жатқан 37 жастағы жүргізушіге көмек көрсетті. Ол 16 желтоқсан күні Мамлют ауданында «Мамлютка — Қостанай» автожолының бесінші шақырымында көпірден төмен қарай бет алғанда көлік тізгініне ие бола алмай, жол бойындағы қамыстың арасына түсіп кеткен.

Автокөлік өз бетімен омбы қардан шыға алмады. Оны жол үстіне шығару үшін ДЭУ-67 мекемесінің басшылығы ұсынған ауыр техника қажет болды. Тәртіп сақшылары құтқару жұмыстары кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Полицейлер жүргізушілерге қысқы жолда өте мұқият болу қажет екенін еске салады. Қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайту керек, өйткені мұз пайда болып, қар басып қалуы мүмкін. Ауа-райының болжамын және шұғыл қызметтердің хабарламаларын бақылап отыру қажет, өзіңізбен бірге жылы киім, қуатталған мобильді құрылғылар болуы керек.