Көшбасшы болу мен әйелдер қауымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне араласуына арналған семинар-тренинг

Көшбасшы болу мен әйелдер қауымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне араласуына арналған семинар-тренинг

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен полиция департаменті көшбасшы болу мен әйелдер қауымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне араласуына арналған семинар-тернинг ұйымдастырды. Полиция департаменті, Петропавл қ. Полиция басқармасы, сонымен қатар прокуратура, төтенше жағдайлар мен әскери қызметтегі әйелдер қауымы қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдері істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мен гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық сарапшы, «Отбасылық табысты орталығы» қоғамдық қорының директоры Роза Бекишева қатысты.

Іс-шара барысында күш құрылымдарында қызмет ететін әйелдер қауымы Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің негізгі заңнамасы жайлы білімдерін шыңдап, стратегиялық ойлау мен әйелдердің басқару процесіне қатысуы, саясатқа, экономикаға, әлеуметтік салаларға, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерге араласуы талқыланды.