
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев пен ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Асхат Жомартовты құрметті зейнет демалысына шығуымен басшылық пен әріптестері салтанатты түрде құттықтады.
Полиция полковнигі Серкешев ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылы бастаған. Ол өзінің барлық дерлік қызметін жедел қызметке арнаған, жедел уәкілден бастап аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына дейін жетті. Қызмет барысында ПД мен ІІМ-нен 80 марапат алған.
Полиция майоры Жомартов құқық қорғау органдарындағы қызметін 2007 жылы бастады. Инспектордан бастап басқарма бастығына дейінгі көтерілді. ПД мен ІІМ-нің 38 марапаты бар.
Облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов көп жылдық мінсіз қызметі үшін оларға алғысын білдірді. Сондай-ақ зейнеткерлерді облыстық және аудандық полиция бөліністерінің басшылары мен полиция ардагерлері құттықтады.
Бұдан бөлек, аталмыш іс-шарада СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобының қатысушыларына да құрмет көрсетілді. Олар ел астанасында полиция қызметкерлері арасында өткен «Міндет. Ерлік. Абырой» атты республикалық көркемөнерпаздар байқауының лауреаттары болып оралды.
Байқау ҚР ІІМ-де 5-6 желтоқсан күндері өтті. Погондағы солтүстікқазақстандық әртістер гран-при иегерлері атанды. Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов СҚО ПД мәдени орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Дидар Малаевты және вокалдық топты жеңісімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыс тіледі.