
Петропавлдағы оқушылар сарайында облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдар, прокуратура және полиция өкілдері мектеп директорларының орынбасарларымен кездесті.
Күн тәртібінде білім ордаларында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Білім беру ұйымдары барлық қажетті техникалық нығайту құралдарымен және күзетпен толық қамтылмағаны атап өтілді. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Жұмабаев атап өткендей, ауылдық округтердегі кейбір мектептерде «дабыл түймелерін» пайдалану алгоритмі бойынша қосымша сабақтар өткізу қажет.
Кездесуде қаралған тағы бір маңызды мәселе – тиісті қарым-қатынастың болмауы. Жүсіп Жұмағұловтың айтуынша, кенеттен туындайтын оқыс жағдайлар туралы «үндемей қалу» кей жағдайларда мүдделі ұйымдардың осындай фактілер туралы әлеуметтік желілерден және мессенджерлердегі хабарламалардан ғана хабардар болуына әкелетінін атап өтті. Кездесуге қатысушылар мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу туралы бірауыздан пікір айтты, объективті ақпаратпен өзара жедел алмасуға және барлық салада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті кешенді шараларды қабылдауға келісті.