Петропавл полицейлері оқушылардың қауіпсіздігі бойынша өткен вебинарға қатысты

Петропавл полицейлері оқушылардың қауіпсіздігі бойынша өткен вебинарға қатысты

Петропавлдық полицейлер қауіпсіз мінез-құлық және заңнаманың талаптары бойынша жоғарғы сынып оқушылары үшін өткен вебинарға қатысты. Ол zoom-конференция форматында СҚО әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ бастамасымен өткізілді.

Облыс бойынша өткен конференцияға 20 мектептің 8-11 сыныптардың 1860 оқушысы қосылды. Вебинарда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, әдістемелік орталықтың, ТЖ департаментінің және Петропавл қ. полиция басқармасының қызметкерлері сөз сөйледі.

Кәмелетке толмаған балалары жасаған заң бұзушылықтары үшін ата-аналары жауап береді. Осы және жасөспірімдердің түнгі уақыттағы серуеніне, көңіл көтеруге мүлдем болмайтыны туралы тәртіп сақшылары конференция барысында айтты. Басқа да қылмыстардан хабардар етіп, әкімшілік жауапкершілік жайлы ескертті. Аталмыш іс-шара Жаңа жыл мерекесі, оқушылардың қысқы демалысы қарсаңында және жас солтүстікқазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.