Солтүстікқазақстандық жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің спорттық қоржынына тағы бір алтын қосылды.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың командирі Самат Жантасов Польша мемлекетінің Миколув қаласында 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында 77 кг. салмақ дәрежесінде кездесулер өткізіп, чемпион атанды. Дүбірлі додаға 15 елдің спортшылары қатысты.

Самат үш кездесу өткізді. Оның айтуынша, бельгиялық спортшымен өткен кездесу ең қиыны болған, өйткені ол спортшы жоғары техникасымен ерекшеленген. Арнайы жасақтың командирі бес минуттық белдесу нәтижесінде ұпай саны жағынан басым түскен. Индиялық және испандық спортшыларды Самат жеңіп, кездесулер уақытынан бұрын аяқталған.

Самат 38 жаста, ол джиу-джитсудан спорт шебері. 2010 жылы қоян-қолтық ұрыстан ҚР жүлдегері атанған. Ал, 2016 және 2022 жылдары джиу-джитсу мен панкратионнан Қазақстан чемпионы болған. Енді оның Польшадағы жеңісі бүгінгі таңдағы ең жоғары спорттық жетістігі болып отыр.

Чемпион елге оралысымен оны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қабылдады. Ол тек командирлік міндеттерін атқарып қана қоймай, жеке құрамның спорттық рухын көтеріп, жауынгерлерді жеңіске қол жеткізуге ынталандырып жүрген полиция подполковнигін құттықтады.