СҚО-да Армения Республикасының нөмірлерімен 193 автомашина тіркелді

СҚО-да Армения Республикасының нөмірлерімен 193 автомашина тіркелді
СҚО полицейлері армян нөмірлері бар көлік иелеріне Армения Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімінің 1 қыркүйек аяқталатынын ескертеді.

1-ші маусымнан 193 солтүстікқазақстандық өз автокөліктерін тіркеу мүмкіндігін пайдаланды. «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы қаулысында белгіленген мерзімнің аяқталуына 2 аптадан аз уақыт қалды. «Армения Республикасында тіркелген көлік иелерін қыркүйектің 1-не дейін өз мәселелерін шешуге шақырамыз, - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – Тіркеу үшін қажет сома 11 946 теңгені құрайды. МХҚО құжаттарды сағат 9-дан 18 дейін қабылдайды. Қысқа мерзімде «сары нөмір» алу үшін барлық жағдайлар жасалған».

1 қыркүйекке дейін аумақтық принципі басқа өңірлердің тұрғындарына, егер оларға СҚО-да ауыстыруға қолайлы болса, Петропавл қаласының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге мүмкіндік береді.

Полицейлер армян нөмірлері бар көлікті тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажеттігін еске салады:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) мемлекеттік тіркеу жарнасын төлеу туралы құжаттар;
3) Армения Республикасының уәкілетті органы берген көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі;
4) көлік құралының қауіпсіздігі туралы сертификат.

Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайы бойынша Петропавл қаласындағы арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. СҚО ПД Процессинг орталығының «Call-орталығы» қауырт желісіне 32-00-19, 32-00-22, 8-776-297-84-32 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, кеңес алуға болады.