
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қазақ күресінен Әлем кубогының күміс жүлдегері атанған ПД аппаратының қызметкері Батырхан Қайырбекті құттықтады. Дүбірлі дода Түркістан қаласында өтті, оған 9 елден келген палуандар қатысты. Батырхан 74 кг. салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді.
Облыстық полиция ведомствосының басшылығы қызметкерлердің спорттық талпыныстарын қолдап отырады. Полиция капитаны Қайырбек – СҚО полиция департаментінің болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшыларының бірі. Ол ҚР ІІМ құрамасында өнер көрсетеді, биыл қазақ күресінен Қазақстанның төрт дүркін чемпионы және құрметті «динамошы» атанды.
Полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов погондағы палуанға келешекте сәттілік пен табыс тіледі. Ол осындай спорттық жетістіктер полиция қызметкерлерін өзін-өзі дамытуға ынталандыратындығын және полиция қызметінің имиджін нығайтуға көмектесетіндігін атап өтті.