
⚠ Назар аударыңыз! Дауылды ескерту⚠
«Қазгидромет» болжамы бойынша 28 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының батыс және оңтүстік бөлігінде қалың тұман күтілуде.
‼ Осыған байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларын сақтық шараларын сақтауға шақырамыз:
✔ Жүргізушілер – аса мұқият болуы, жылдамдықты 5–20 км/сағ. дейін азайтып, жақын жарықтың фараларын және тұманға қарсы фараларды қосуы керек.
✔ Ата-аналар – балаларды қараусыз қалдырмауы қажет, әсіресе, елді мекендердің сыртында.
✔ Ауа райы бұзылған жағдайда сапарларыңызды, сондай-ақ қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлаңыздар және қажет болған жағдайда науқастар мен жүкті әйелдерді меициналық мекемелерге жеткізіңіздер.
🌫 Тұман алдыңыздағы жолдың үстін дұрыс көрсетпейді және төңіректі шолуға кедергі келтіреді.
Жол жүрісі қағидаларын сақтаңыздар және артық тәуекелге бармаңыздар!
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!