СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан

СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан

СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

"Оқушылар сарайы" МКҚК базасында мектеп директорлары және террористік тұрғыдан осал объектілер болып табылатын мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілерімен семинар өтті.
Семинар барысында білім беру мекемелерінің басшыларына терроризмге қарсы қорғалуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде персоналдың іс-әрекеттері түсіндірілді, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Іс-шара соңында терроризмге қарсы қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін басшылардың жауапкершілігі жеткізілді.