СҚО-да полиция үздік музейлерінің бірінің 35 жылдық мерейтойы атап өтілді

СҚО-да полиция үздік музейлерінің бірінің 35 жылдық мерейтойы атап өтілді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейі 35 жылдығын атап өтті. Бірнеше жыл қатарынан ҚР ІІМ жүйесіндегі үздік музейлердің қатарында.

Музей қабырғалары солтүстікқазақстандық ІІО қызметкерлерінің бейбіт өмірде, майдан алаңдарында көрсеткен ерліктері туралы, ел арасында резонанс тудырған қылмыстар және оларды ашқан тәртіп сақшылары туралы сыр шертеді.

Музей қорын жинақтаушылар - милиция ардагерлері Любовь Осинская мен Нина Бенграф «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің директоры Аян Садаевтың және СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовтің құттықтауларын қабылдады.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада СҚО ПД бұрынғы бастығы, отставкадағы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымхановтың құттықтау хаты оқылды. Департамент ардагерлері атынан отставкадағы полиция полковнигі, тәжірибелі кадр қызметкері, музейдің қалыптасуына атсалысқан Қапез Дәулетбаев сөз сөйледі.

СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры айдын Қабдұлдинов ведомстволық музеймен белсенді іс-қимыл жасайтын ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Оның қатарында ҚР Ұлттық ұланы академиясы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан жоғарғы кәсіптік-педагогикалық колледжі, №1 орта мектеп, С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия, БЭСТ гимназиясы, №5 орта мектеп пен басқа да оқу орындарының ұжымы да бар.

Бұдан бөлек, алғыс хатпен СҚО әкімдігінің «Мүгедектігі бар адамдарды сауықтыру орталығы» ұжымы да марапатталды, ондағы пациенттер де СҚО ПД музейіне келушілердің қатарынан жиі көрінуде.

Музей мерейтойы СҚО ПД мәдени орталығы дайындаған концертпен және музей туралы фильм көрсетілімімен аяқталды.