
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлер белсенділерімен кездесу өтті. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 20 бастауыш ұйымы 2320 зейнеткерді біріктіреді.
Көптеген ардагерлер еңбек сіңірген демалысына шығып, түрлі салаларда адал еңбек етуді жалғастырып келеді. Полиция ардагерлері облыста 18 ауылдық округті басқарады, көпшілігі күзет құрылымдарында жұмыс істейді, адвокаттық қызметпен де айналысады.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдары және ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Петропавл қаласының ардагерлері өздері құрған «Жас-Сарбаз» әскери-патриоттық клубында оқушылармен қызықты, ең бастысы жасампаз жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Бұдан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оңалту жөніндегі Полудин орталығының тәрбиеленушілеріне ардагерлер кеңесі ұйымдарының қамқорлығы жалғасуда.
Бұл облыстың гүлденуі үшін полиция ардагерлерінің жасап жатқан істерінің толық тізімі емес. Сонымен қатар, ардагерлер ұйымы жұмысының басты бағыттарының бірі - жас қызметкерлерді кәсіби және патриоттық тәрбиелеуге көмектесу.
Олармен түрлі форматтағы кездесулер тұрақты түрде өткізіледі, бұл күні жас полицейлер ведомство ардагерлерінің қатысуымен Ерлік сабағына шақырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы орынбасары міндетін атқарушы Әбілғазы Ғабдуллиннің төрағалығымен ардагерлер ұйымының тиімді жұмыс істеуі, ардагерлерді медициналық қамтамасыз ету, жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеу бойынша аудандық полиция бөлімдерінің мұражай бөлмелері мен облыстық мұражайларының бірлескен жұмысы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, полиция полковнигі Ғабдуллин бірқатар ардагерлерді жас қызметкерлермен тәрбие жұмысына және полиция имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін марапаттады.