Петропавл полицейлері қоғамдық орындардың ластау фактілерін бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауда

Петропавл полицейлері қоғамдық орындардың ластау фактілерін бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауда

#ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Полиция қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік бойынша жұмысты жандандырды. Облыс орталығында күн сайын ондаған құқық бұзушылықтар анықталады.

Қарашаның 18-і күні сағат 15: 38-де Астана-Бостандық көшелерінің қиылысында бейнебақылау инспекторлары жедел басқару орталығының камераларының көмегімен ұсақ бұзақылық фактісін тіркеді. Қала тұрғыны темекі тұқылын рұқсат етілмеген орында лақтырып, бұл іс-әрекетімен қоғамдық орынды пайдаланатын жерді ластады. Нәтижесінде 38 жастағы ер адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтыры туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша хаттама толтырылды. Баптың санкциясы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Заң және тәртіп» шеңберінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша полиция жұмысы жалғасуда.