Солтүстікқазақстандық динамошылар баршаңызды спорт күнімен құттықтайды

Солтүстікқазақстандық динамошылар баршаңызды спорт күнімен  құттықтайды

Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісі аталып өтетін Спорт күнін Солтүстікқазақстандық полицейлер сергек әрі мерекелік көңіл - күймен қарсы алуға дайындалып жатыр. Тәртіп сақшылары үшін бұл істе "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы тірек пен басты нүкте болып табылады. Айта кететіні, биыл "Динамо" солтүстіқазақстандық филиалының құрылуының 95 жылдығын атап өтуге әзірлік үстінде. Спорт күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, "Динамо" ДШСҚ облыстық кеңесінің төрағасы Марат Төлебаев динамо қозғалы ардагерлерінің үлесін атап өтті. "... 1925 жылы республикамыздағы динамо қозғалысы Петропалдан бастау алған.

Туған ведомствосымен Бауыржан Құлжанов, Аманғали Тұрашев, Виктор Денисенко, Анатолий Белоусов байланыстарын үзген емес. Ардагерлер қозғалысы - өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі зор күш. Бүгінгі офицерлер динамошылардың дәстүрін жалғастыруда.

Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров динамошылардың мақтанышы. Оның жеңісі мыңдаған қазақстандықтардың спортқа келуіне түрткі болды. Жерлес кәсіпқой спортшылардың мақсатқа деген талпыныстары және тынымсыз еңбегі "Динамо" ДШСҚ-дағы полиция қызметкерлеріне бағдар көрсетіп, мақсатқа жетелейді. "Динамо" ДШСҚ СҚОФ төрағасының орынбасары Талғат Тұғынбаев погондағы спортшылардың спорт кестесімен бөлісті: "Жөндеуден кейін жаңартылған спорт залында Полиция департаменті бөліністерінің қызметкерлері кесте бойынша жауынгерлік және қызметтік дайындықтан өтеді. Жылына екі рет полицейлер және облыстың барлық құқық қорғау және күш құрылымдарының өкілдері арасында жазғы және қысқы Спартакиада аясында үздіктер анықталады. Жеңімпаздар ҚР ІІМ чемпионаттарында өңір намысын қорғайды...". Бұдан бөлек, "Динамо-балаларға" акциясы барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға барумен, балалар үйлерінің командалары арасында спорттық сайыстар өткізумен бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Даңқты динамошылардың игі дәстүрі тоқтамай, карантин кезінде де жалғасын тауып нығаюда.

СҚО ПД баспасөз қызметі

#polisia #полиция #police #динамо #деньспорта #СКО