СКО полицейлері аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолын кесті

СКО  полицейлері аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолын кесті

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін өткізді. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – есірткі мен психотроптық заттардың заңды айналымын бақылау. 5 күн бойы полицейлер медициналық және фармацевтикалық мекемелерде құрамында есірткі құралдары бар препараттарды сақтау, сатып алу және жою ережелерінің қаншалықты қатаң сақталғанын тексерді. Бұл салада бұзушылықтар анықталған жоқ.

«Коронавирус пандемиясының жағдайы операцияның қорытындысына әсер етті, - деп атап өтті СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Иван Терзиди. – Есірткімен күресетіндер алғаш рет өз жұмысында медициналық бетперделерді заңсыз сату сияқты бұзушылықты кездестірді. Бетперделер медициналық өнімге жатады, оларды тауардың тиісті сақталуын қамтамасыз ететін дәріханаларға сату рұқсат етілген. Заңсыз сатудың 12 фактісі және дәріханалармен бағаны көтеріп сатудың 2 фактісі анықталды».

Бұдан басқа, профилактикалық іс-шара шеңберінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отыра, «Қарақоға» шекара бекетінде аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы фактісін анықтады. 1967 жылы туған РФ азаматы «Toyota Land Сruiser» автомашинасында 397,35 грамм гашишті шекара арқылы өткізбекші болған. Аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК 286-бабы 4-бөлігі «Контрабанда» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлікті тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта ол есірткілік масаң күйде рөлде отыруына байланысты 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Жалпы, іс-шара аясында 3 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, 538,76 грамм есірткі, оның ішінде гашиш, марихуана және көкнәр сабағы тәркіленді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 226 келіден астам түрлі есірткі заттарын анықтады.

СҚО ПД баспасөз қызметі