СҚО-да пара алған күдікті полиция қызметінен шығарылды

СҚО-да пара алған күдікті полиция қызметінен шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысында Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік инспекторының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы жөніндегі материалы қаралды.

11 тамыз күні полиция аға лейтенанты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмағаны үшін облыс орталығының тұрғынынан 150 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. СҚО ПД Тәртіптік комиссиясының шешімімен теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылып, арнайы атағынан айырылды. Оның тікелей басшысы – аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ, полиция бөлімі мен облыстық аппараттың 11 басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Карантин кезеңінде өзінің әріптестері міндеттерін адал атқарып жүргенде, жас офицер өз іс-әрекетімен қызметке кір келтірді. Көптеген адамдар бірнеше ай бойы жұмыссыз отыр және бұл факті халық арасында теріс ой қалыптастырады. Дәл осындай қатаң ұстаным қандай атақ пен лауазым болмасын кез-келген жемқорға қатысты болады және солай бола бермек. Әр қызметкерді бұйрықпен таныстырып, жағдайды жариялап отыру керек», - деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Facebook әлеуметтік желісінде Марат Төлебаевтың https://www.facebook.com/tulebayev.marat жеке парақшасы бар, ол арқылы облыстық полиция ведомствосының бастығы ашық диалогқа шығуға дайын екендігін естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі СҚО ПД-ның аккаунттарында ведомствоның Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефондары (61-26-89, 8-700-161-26-89 WhatsApp) көрсетілген, азаматтар осы телефон нөмірлері арқылы полиция қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

СҚО ПД баспасөз қызметі