
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын аяқтаған қызметкерлерге сертификат табысталды
8 айлық оқыту курстары аяқталды, оқу кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аппараты бөліністерінің басшылары мен жеке құрамы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығы мекемесінен келген білікті мамандардан білім алды.
Оқыту процесін СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің мамандары ұйымдастырды. Сабақ ақпан-мамыр және шілде-қараша айларында, аптасына екі рет өткізілді.
Мемлекеттік тілден білімдерін растаған қызметкерлерге СҚО ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин сертификат табыстады.
Облыстық полиция ведомствосының басшылығы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және қолданыс аясын кеңейтуге ерекше назар аударады.
Осы сияқты мемлекеттік тілді оқыту курстары СҚО ПД қалалық және аудандық бөлімдерінде де ұйымдастырылған.