Құрман Мусин Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттерімен кездесті

Құрман Мусин Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттерімен кездесті

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Құрман Мусин Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттерімен кездесті.

Ол студенттерге адам өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, қарақшылық үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы айтты. Тіпті қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік тартылу болашақ өмірге, мысалы, жұмысқа орналасар кезде әсер етуі мүмкін.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде полицейлер жастар арасында құқықтық сананы арттыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыс жүргізуде.