Заңсыз айналымнан 113 бірлік қару тәркіленді

Заңсыз айналымнан 113 бірлік қару тәркіленді

СҚО-да 10 ай ішінде полиция қызметкерлері азаматтық қару иелерінің сақтау ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында азаматтық қару айналымы саласында 905 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Заңсыз айналымнан 113 бірлік қару тәркіленді, барлық фактілер бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Полицейлер облыс тұрғындарын азаматтық қару айналымын реттейтін заңнама нормаларын сақтауға шақырады. Тіркелмеген қару табылған жағдайда оны дереу ішкі істер органдарына тапсырыңыз.