Петропавлда полицейлер есепте тұрған отбасыларды тексерді

Петропавлда полицейлер есепте тұрған отбасыларды тексерді

Петропавлда ювеналдық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарсаңында проблемалық мекенжайларды тексерді. Тәртіп сақшыларынан бөлек, аталған іс-шараға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, қорғаншылық органдарының және Аналар үйінің өкілдері қатысты.

Ата-ана міндеттерін орындамаудың екі фактісі тіркелді. Алынған ақпарат бойынша бір отбасында мас күйдегі отағасының жанжал шығарғаны анықталды. Екіншісінде қауiптi жағдайда қалдыру фактісі тіркелді: қараусыз қалған кішкентай бала ыстық жерді ұстап қолын күйдіріп алған. Екі жағдайда да ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ бұрын кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылған отбасылар да тексерілді. Қабылданған шаралар тиімділігін көрсетті: жаңа бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтар мен түнгі көшелер тексерілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 1 фактісі анықталды.

«Осындай рейдтер облыстық «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы шеңберінде 15және 17 қараша аралығында күшейтілген режимде жүргізілетін болады. Полиция жұмысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған, бұл кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруды, қадағалаусыз қалу фактілерін жоюды талап етеді», - деп хабарлады СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов.