СҚО-да полиция жолдардағы балалардың жарақаттануының алдын алуды күшейтті

СҚО-да полиция жолдардағы балалардың жарақаттануының алдын алуды күшейтті

"Көлікте-бала отыр!"- мұндай жапсырмаларды полицейлер Петропавл балабақшаларының бірінің жүргізушілеріне "Есте сақта және ойлан" ұранымен акция барысында таратты. Акция 19 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күніне орайластырылған жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында өткізіледі.

Сондай-ақ, жүргізушілерге 12 жасқа толмаған жолаушыларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғысын пайдалану міндетті екенін еске салды. Балалардың жолдардағы қауіпсіздігін нығайту-жүргізіліп жатқан профилактиканың негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта тәртіп сақшылары қараңғыда киюге кеңес беретін шағылыстыратын элементтерді тарату жүргізілді.

"Жыл басынан бері СҚО аумағында 109 ЖКО-да 3 адам қаза тауып, 132 кәмелетке толмағандар жараланды. Жағдайлардың жартысына жуығында (46 ЖКО) олар жолаушылар болды, — деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Демек -жүргізушілермен күшейтілген жұмыс қажет. Сонымен қатар, басқа да ақпараттық-насихаттық іс-шаралар жоспарлануда. Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының соңында полиция қызметкерлері донорлық қан тапсыру бойынша акция өткізеді".