
ҚР Ішкі істер министрінің кубогына шахматтан өтетін республикалық турнир алдындағы іріктеу кезеңі шеңберінде қалалық шахмат клубына 30-ға тарта қатысушы жиналды.
Жарысты СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы мен "Динамо" дене-шынықтыру спорт қоғамы ұйымдастырды.
СҚО ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
ПД АЖДБ қызметкері полиция майоры Ілияс Оразбаев үздік атанды.
Екінші орынды ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкері полиция аға лейтенанты Данияр Іргебаев иеленді.
Үшінші орынға ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының өкілі полиция майоры Бақыт Бекенбаев тұрақтады.
Жарыс жеңімпаздарына «Динамо» ДШСҚ атынан сыйлықтар табыс етілді.
Алғашқы екі жүлдегер ҚР ішкі істер министрінің Кубогына өтетін турнирде департаменттің намысын қорғайды.