Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын түсіндіруде

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын түсіндіруде

СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының базасында террористік тұрғыдан осал сауда үйлері мен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің басшыларымен семинар өтті.

Семинар барысында ұйым басшыларына терроризмге қарсы қорғалуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, террористік сипаттағы қатерлер туындаған кездегі персоналдың іс-әрекеттері түсіндірілді, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Іс-шара соңында терроризмге қарсы қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін басшылардың жауапкершілігі жеткізілді.