СҚО-да жыл басынан бері 470 отбасылық жанжалқой қамауға алыңған

СҚО-да жыл басынан бері 470 отбасылық жанжалқой қамауға алыңған

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, отбасылық жанжалдар көбінесе демалыс күндері, ішімдік ішу кезінде орын алады. Петропавлда жексенбі күні кешкісін «102» арнасына облыс орталығының жатақханалары бірінен қала тұрғыны күйеуіне шағымданды.

Жанжал ішімдік ішу барысында туындады. Әйел оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне арыз жазудан бас тартты. Тәртіп сақшылары осындай жағдайларға жиі тап болады. Бұрын бұл құқықбұзушының жазасыз қалғанын сезініп, көп ұзамай балағаттаудан қол жұмсауға ұласатын.

Өткен жылдың ортасынан бастап полиция қызметкерлері өтініш берушіден отбасылық тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті. Ер адамның мінез-құлқы оны оқшаулауға негіз болды. Әкімшілік материалдар жинақталуда. Бұрын есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін сотталған құқық бұзушы 5 тәулік әкімшілік қамауға алынады.

"Облыс бойынша 10 ай ішінде 470 адам отбасылық жанжал үшін 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алынды, - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. - Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру "нөлдік төзімділікті" және кез келген құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын талап етеді".

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар 16 қыркүйектен бастау алған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілуде. Осы уақыт ішінде Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыс саласында 236 бұзушылық тіркеліп, қорғау ұйғарымдарын бұзудың 26 фактісі анықталды. Отбасында құқық бұзушылыққа жол берген 4 мыңға жуық адам тексерілді.