СҚО аудандық полиция бөлімдерінде қызметтік тәртіп талқыланды

СҚО аудандық полиция бөлімдерінде қызметтік тәртіп талқыланды

Қызметтік тәртіп - полицияның негізгі басымдықтарының бірі. Солтүстістік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин Қызылжар, Мамлют және Аққайың аудандарының полиция бөлімдерінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесулер өткізді.

Күн тәртібінде қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, функционалдық міндеттерге жауапкершілікпен қарау, азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде заң талаптарын мүлтіксіз орындау, өтініштер мен арыздарды тіркеу, процессуалдық шешімдер қабылдау мәселелері қаралды.

Қызметкерлерге 9 ай ішінде ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолу жасалды. Әбілғазы Ғабдуллин Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру нормативтік-құқықтық актілерден кез келген ауытқуға «нөлдік төзімділікті» талап ететінін еске салды.