11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы «Челябі - Новосібір» жолында Toyota Camry көлігін басқарған Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жасар тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жасар тұрғыны басқарған КамАЗ автокөлігімен бетпе-бет соғылған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі және 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» 345-бабы 4-бөлігі бойынша енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 7 айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол жүрісі қағидаларын қатаң ұстану қажеттігі туралы ескертеді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
фотолар әлеуметтік желілерден алынды
