
Өткен демалыс күндері СҚО полицейлері спирттік ішімдік ішкен соң көлік тізгіндейтін жүргізушілерді анықтау жұмыстарын күшейтті. 1-3 қараша аралығында облыста «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Оған 350-ден астам полиция қызметкерлері, мүдделі ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. Тексеру жұмыстары барысында 20 мас жүргізуші анықталды.
«Осындай күйде көлік жүргізу құқық бұзушыға да, қозғалыстың басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді. Жыл басынан бері облыс жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір адам қаза тауып, 24 адам жарақаттар алды. СҚО ПД басшылығының тапсырмасы бойынша мұндай жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмыс ұдайы жүргізіліп тұрады», — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.
Іс-шара барысында полицейлер жол жүрісі қағидаларының 800-ден астам түрлі бұзушылғын анықтады.