
Өткен жылдан бері пышақ жарақатын келтіргені үшін бас бостандығы шектелген петропавлдық 18 жастағы студентті полицейлер бұл жолы есірткі қылмысы үшін ұстады, одан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді.
Полицейлер күдіктіні Интернациональная көшесінде ұстаған кезде, одан 1 грамм ұнтақ тәрізді зат тәркіленді. Жас жігіттің тұрғылықты жерінен осындай зат салынған 40 түйіншек, электронды таразы, шегуге арналған құрал табылып тәркіленді.
Петропавл қаласындағы сот сараптамасы институтының жанындағы жаңа зертханада жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 46 граммды құраған «мефедрон» синтетикалық есірткі екені белгілі болды.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, күдікті есірткі таратумен айланысатын интернет-дүкендердің бірінде 6 қазаннан бастап жұмыс істеп келген, алайда 8 күннен кейін ұсталып, ешқандай табыс тауып үлгермеді», — деп хабарлайды СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Руслан Үмбетов. - Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін».