
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесті.
Аталған бөлімшенің қызметкерлері халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді; күндіз-түні облыс орталығында жұртшылықты тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл қызметтің қызметкерлері барлық дабыл қоңырауларына бірінші болып келеді. Айта кетерлік жайт, батальон қызметкерлері өрттерде, су айдындарында және басқа да қауіпті жағдайларда адамдардың өмірін сақтап қалғаны және денсаулығын сақтағаны үшін ең көп мемлекеттік наградаларға ие.
СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Айдар Жұмағазин осы жылдың 9 айында ішкі істер органдары бөлімшелеріндегі тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолу жасады.
Абылғазы Ғабдуллин "Заң және тәртіп" қағидатын сақтаудың басымдығын атап өтті. Ең бастысы - қызметтік-әскери тәртіпті қатаң сақтау, нысанды киім киюді және сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" болуы тиіс. Абылғазы Советұлы атап өткендей, ел мен ІІМ басшылығы жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді; полиция қызметкерлерінің міндеті — халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал қызмет ету.