СҚО-да полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды

СҚО-да полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар өтті.

ПД бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып полиция полковнигі Қасымбеков Қайрат Тұрарұлы, ПД бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып полиция полковнигі Ғабдуллин Абылғазы Советұлы тағайындалды.

Республика күні СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов оларды жеке құрамға таныстырды.

Қайрат Қасымбеков ішкі істер органдарындағы қызметін 1993 жылы бастады. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік тергеу комитетінің басқармасында, содан кейін Петропавл қаласының ІІБ-де тергеуші болып қызмет ете бастады. 2015 жылдан бастап СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы лауазымында болды.

Абылғазы Ғабдуллин ІІО-да 1995 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Кадрлық жұмыстан басқа, мемлекеттік автоинспекция, көші-қон және әкімшілік полиция бағыттары бойынша қызмет атқарды, басшылық лауазымдарда болды. 2021 жылдан бастап СҚО ПД кадр саясаты басқармасының (бөліністің кейінгі жаңа атауы — тәрбие және кадр жұмысы басқармасының) бастығы лауазымын атқарды.

Сонымен қатар, мереке күні Айдын Қабдұлдинов өзінің жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Асқар Мұхаметқалиевқа «ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісін табыс етті.

Қызметкерлерді Республика күнімен құттықтай отырып, генерал-майор Қабдұлдинов азаматтардың мерекелік демалыс күндері тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін тиісті түрде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.