СҚО-да полицейлер Республика күніне орай өткізілген зияткерлік турнирде топ жарды

СҚО-да полицейлер Республика күніне орай өткізілген зияткерлік турнирде топ жарды

Ұлттық мерекеге орай Петропавл қаласындағы И.Шухов атындағы №2 кітіпхана қызметкерлері «Туған жерім – туған елім» атты турнир өткізді. Ойынға Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің және Төтенже жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар Қазақстан тарихы мен әдебиетіне қатысты, одан басқа тәуелсіздік жылдарына дейінгі қазақ хандығы туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Тәртіп сақшылары топ жарып, бірінші орынға ие болды.

«Мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің имиджін көтеруге, қызметкерлердің патриоттық сезімін оятып дамытуға септігін тигізеді, - дейді СҚО ПД Ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина. – Департамент басшылығы мемлекеттік тілді дамытуға және қызметкерлерді патриотизмге тәрбиелеуге ерекше назар аударуда».