СҚО-да жас полиция қызметкерлеріне алғашқы қызметтік куәліктер табысталды

СҚО-да жас полиция қызметкерлеріне алғашқы қызметтік куәліктер табысталды

Солтүстік Қазақстан облысында полицияда қызметін бастаған 9 қызметкер алғаш рет ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін алды.

Атаулы оқиға ІІО ардагерлері мен қызметкерлердің ата — аналарының қатысуымен Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаған ұлттық мереке - Республика күні қарсаңында салтанатты түрде өтті.

СҚО полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов қызметтік куәліктерін табыстап, жас қызметкерлерге халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызметтерінде табыс тіледі.

Жас қызметкерлер Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының байланыс тобы мен арнайы техникасынан бастап ғимараттарды қорғау бөлімшесіне дейінгі түрлі бөлімшелердің қатарын толықтырады. Сондай-ақ, "102" арнасының екі операторы мен кезекшінің көмекшісін жедел басқару орталығының кезекші бөлімі қабылдайтын болады.