
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақыповты марапаттады, ол екінші рет қатарынан кикбоксингтен Азия чемпионатында бірінші орынға ие болды.
Нұрсұлтан 31 жаста, ол Қазақстанның 6 дүркін чемпионы және кикбоксингтен Қазақстан кубогының 9 дүркін иегері. 2014 жылы Әлем кубогында бірінші орынды иеленген.
Полицияда 2020 жылдан бері қызмет атқарып келеді. СҚО-да екі дүркін Азия чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы спортшы. Енді оның мақсаты - әлем чемпионатында жеңіске жету.
Спортшы құқықтық тәртіпті нығайтудың өзекті мәселелері талқыланған жедел кеңес барысында марапатталды.