
Сенбі күні таңертең Солтүстік Қазақстан полициясының жеке құрамы күн сайын қызмет атқаратын әкімшілік ғимараттардың аумақтарын абаттандыру жұмыстарынан бастады.
Полицейлер аулаларды сыпырып, көгалдарды тазартып, ағаштардың құлаған жапырақтарын тазалады. Бір мезгілде аумақтарды тазалауға облыстық аппараттың, қалалық басқарманың және бөлімдердің кезекшілікке және патрульдеуде ауысымда тұрмаған барлық қызметкерлері, сондай-ақ аудандық бөлімшелердің полицейлері шықты.
Сенбілік "Республика күніне" дайындық аясында және "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының аясында өтті. Тұрғындарда "Заң және тәртіп" қағидатын қалыптастыру және абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша күнделікті жұмыстармен қатар, шенді адамдар дәстүрлі түрде экологиялық мәдениетті, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттайды.