
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қазақтың ақыны, жазушы, драматург, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинге құрмет көрсетіп, «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби-сазды кешке қатысты.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған іс-шараны С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері және «AMANAT» партиясының өкілдері «Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында бірлесе ұйымдастырды.
Полиция майоры Серік Абылғазинов кеш қонақтарына «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқыса, полиция капитаны Абылайхан Өмірзақ қаламгердің «Сағындым» өлеңін жатқа айтты. Әдеби-сазды кешке қатысқан қос полиция қызметкері «AMANAT» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Полиция қызметкерлері мемлекеттік тілді насихаттауға және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған іс-шараларға үнемі қатысып тұрады.