Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2024 жылғы 14 және 15 қазанда Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде полиция қызметкерлері мен СҚО бойынша ДІБ "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының" өкілдері Тайынша, Уәлиханов және Ақжар аудандарында түсіндіру-алдын алу іс-шараларын өткізді.

Олардың тыңдаушылары полиция бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ орта мектеп оқушылары болды. Мамандар деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы айтып, әлеуметтік желілерде діни ақпарат алудан аулақ болуды ұсынды. Сондай-ақ туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.