СҚО-да ювеналдық полиция инспекторы есірткімен байланысты екі қылмысты ашты

СҚО-да ювеналдық полиция инспекторы есірткімен байланысты екі қылмысты ашты

Мамлют ауданының полиция бөлімінде қысқа мерзім ішінде екі есірткі қылмысын ашқан ювеналдық полицейдің тиімді жұмысы туралы хабарлады.

Тамыз айында «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспектор Нұрлыбек Оспанов тексеруге келген үйлердің бірінде марихуананың иісін және осы үйде тұрып 42 жастағы азаматтың есірткіні пайдаланғаны айқын көрінетін белгілерді байқаған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті. Анықталғандай, ол үлкен марихуананы үйге жапсарлас салынған бөлмеде сақтаған. Тәркіленгеннің салмағы – 143 гр.

Ал тамыз айының соңында ауданда тұратын әйелдердің бірі полиция капитаны Оспановқа жүгініп, өзімен бірге тұрып жатқан ер адамның оғаш қылықтары туралы хабарлаған. Бұдан қорыққан 5 пен 15 жастағы балалар моншада жасырынған, әйелін үйіне кіргізгісі келмеген. Полицейлер есірткілік масаң күйдің белгілері анық көрініп тұрған ер адамды тыныштандырған. Нұрлыбек қора-қопсыны тексеру кезінде марихуананы шегуге арналған қолдан жасалған құрылғыны тапқан, бұдан бөлек, учаскелік инспектордың көзіне ойыншық автомашина түскен. Үй иесі оның ішіне шамамен 6 гр. марихуана жасырып қойған екен.

«Қазіргі уақытта мамлюттік тұрғындардың екеуін де есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тергеу жүріп жатыр. Қызметкерлер күдіктілердің отбасыларындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр, - деп нақтылады аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов.

Полиция капитаны Оспановтың қырағылығы басшылық назарынан тыс қалмады: оны көтермелеу туралы өтінішхат жіберілді.