
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өрт кезінде ержүректілік танытқан екі патрульдік полицейді марапаттады.
6 қазанға қараған түні Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторлары Санат Еменалин мен Ерлан Тайланов Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінде өртті байқап қалған.
Өрт аумаққа тез тарап кеткен. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеттері уақытша салынған үйдегі адамдардың бірін құтқаруға мүмкіндік берді.
Ұйқыдан оянған көршілермен бірге полиция капитандары Еменалин мен Тайланов өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті ауыздықтау бойынша шаралар қабылдады және оқиға орнында болды.
Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов батыл полицейлерге грамоталар табыс етіп, ұлдарын адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелегені үшін олардың ата-аналарына арналған алғыс хаттарға қол қойды.
«Жанқиярлық және адамдарға көмекке келуге әрдайым дайын болу — өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруды шешкен адамға қажетті қасиеттердің бірі», — деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.