СҚО-ның бас полицейі жаңа ауылдық учаскелік полиция бекетін тексерді

СҚО-ның бас полицейі жаңа ауылдық учаскелік полиция бекетін тексерді

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты.

Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов осы жылдың наурыз айында мәдениет үйінің ғимаратында ашылған ауылдық округ полициясының жаңа учаскелік пунктіне барып қайтты.

2000-ға жуық тұрғыны бар ауылдық округ аумағында тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жандос Ғабдрашитов қызмет көрсетеді. Бұл лауазымда ол 10 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Жаңа УПП 8 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Олар ауылдық округтің бірқатар қоғамдық орындарына бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Облыстың бас полицейі учаскелік инспектордың қызмет атқару жағдайын тексерді, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың тұрақты профилактикасы, сондай-ақ халықпен тығыз байланыста болу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге Айдын Қабдұлдинов "Таза Қазақстан" акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты.