
Жамбыл ауданында учаскелік полиция инспекторы 2 трактор жүргізушісінің түскі уақытта, егін жинау жұмыстарын жүргізу барысында ішімдік ішуі мүмкін деген ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында ақпарат расталды. Ауыларалық жолмен келе жатқан 50 және 39 жастағы ер адамдардың орта дәрежеде мас екендіктері анықталды.
Сол күні ауылдардың бірінде "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер ішімдіктің иісі шығып тұрған 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен ЮМЗ-6 тракторын тексеру үшін тоқтатты. Медициналық тексеріс онда мас болудың орташа деңгейін көрсетті.
"Мұндай фактілермен күрес — жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі мәселесі", — дейді Жамбыл ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Данияр Әбілев. — Өткен демалыс күндері ауданда 5 мас жүргізуші ұсталды, оның біреуі есірткіден масаң күйде болған. Жол қауіпсіздігін нығайту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде және облыстық полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында ".