
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.
Өткен жылдың соңында полицейлер жабайы сора өсімдіктерінен 2,6 киллограмнан астам марихуана және 53 граммнан астам гашиш дайындаған 34 жастағы петропавлдықты ұстады. Есірткі заттары оның жертөлесінен тәркіленіп алынды.
Ер адам бұл есірткі заттарын Telegram мессенджері арқылы сатуды көздеген. Ол арнаны құрып, онда өзінің «тауарын» жарнамалауға кірісті, сондай-ақ басқа «есірткі дүкенінің» жарнамасымен бөліскен.
Есірткі өткізуді болдырмады. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. Ол есірткі жасағаны, сату мақсатында сақтағаны және жарнамалағаны үшін сотталды. Сот ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.