Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады

Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады

#АЙТЫЛДЫ:
#ОРЫНДАЛДЫ:

«Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады. Оларға нашақорлықтың қаншалықты қатерлі екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Полиция есірткі өндіру, оны сату және таратуға қарсы белсенді күрес жүргізуі керек".

Петропавл қ. полиция басқармасының, прокуратура қызметкерлері мен волонтерлар “Нашақорлыққа жол жоқ!” акциясы шеңберінде есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендердің есірткі граффитиін бояп өшірді. Іс-шараның мақсаты - есірткі сатылымын, жарнамасын анықтап, тосқауыл қою. Іс-шара нәтижесінде есірткінің жарнамасы бар 66 граффити жойылды.