
Әрбір полиция қызметкері діни жағдайды түсініп, деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілерін білуі тиіс.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке құрам арасында діни заңнаманы сақтаудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Кезекті кездесу Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарының полиция бөлімдерінде өтті. Тәртібі сақшыларымен Солтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері Беков Н. әңгімелесті.
Ол Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, деструктивті діни ағымдардың ізбасарларын қалай анықтау керектігін, олардың зайырлы мемлекетке қандай зиян келтіретіні туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері № 51-ші мекеменің қамауға алыңғадарының дінтанушы мамандармен кездесуін ұйымдастырды. Экстремистік діни көзқарастардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.