Петропавлда полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмысты күшейтті

Петропавлда полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмысты күшейтті

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмыс істеу - құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Күн сайын Петропавл қаласы полиция басқармасының қабылдап-таратқыштың іріктеу тобы жылу трассаларына, көппәтерлі үйлердің жертөлелеріне, базарлардың айналасына және үйсіздердің пайда болуының басқа да ықтимал орындарына рейдтер жасайды. Олар қылмыс жасағаны үшін, хабар-ошарсыз кеткендер мен іздестірілгендердің тізімдері бойынша сәйкестендіру және тексеру үшін қабылдап-таратқышқа жеткізіледі. Жеткізілгендердің барлығы тізімдік есепке қойылады.

Күздің басталуымен Жұмысшы кентінде "Жылы үй" өз жұмысын бастайды. Онда полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды аяздан құтқару үшін жеткізеді. Жүргізілген рейдтердің бірінде қабылдап-таратқышқа 9 адам жеткізілді, қажетті тексерулерден кейін олардың барлығы баспанаға жеткізілді.

"Бұл жұмыс 16 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатқан "Учаске" жедел-алдын алу іс — шарасы аясында күшейтілді", - дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция майоры Болат Баймақанов. - Жыл басынан бері іріктеу тобының қызметкерлері үйсіз адамдарды тексеру үшін 1600-ден астам рет жеткізді. Осы санаттағы адамдардың шоғырлану орындары анықталған жағдайда сіз қабылдап-таратқыштың кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-99 телефоны бойынша немесе "102" жедел арнасына жүгіне аласыз".