
Кәсіпкерлер Тимирязев ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан жасалған ірі көлемдегі астық ұрлығын ашқан полицейлерге алғысын білдірген.
«Осы хатымыз арқылы СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері – полиция майорлары Нұртас Ыбыраев пен Алмаз Жәкеновке ризашылығымызды білдіреміз. Аталған қызметкерлер қысқа уақыт ішінде үлкен сомадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұрлығын ашты. Сізге және Сіздің ұжымыңызға алдағы уақытта сәттілік және кәсіби жетістіктер тілейміз», - делінген хатта.
Облыстық полиция департаменті бұған дейін сомасы 32 миллион теңгеге жуықтаған, салмағы 200 тоннаға тарта майлы дақылдарды ұрлауға қатысы бар екі күдіктінің ұсталғаны туралы айтқан https://polisia.kz/sqo-politsiyasy-32-mln-tenggening-bidajyn-urlaghan-kudiktilerdi-anyqtady/ Қылмыстық істі Тимирязев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуде және қазіргі уақытта сотқа жіберуге дайындап жатыр.
Полицейлердің айтуынша, шаруалардың мүлкін қорғау – полицияның астықты өлкедегі жұмысының маңызды бағыттарының бірі.