
ҚР ішкі істер министрлігі жүргізген талдауға сәйкес, орташа есеппен алғанда әр төртінші жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта немесе қас қарайған уақытта орын алады екен. Бұл уақытта жолдың дұрыс көрінуі төмендеп, жүргізушілердің шаршаңқылығы артады.
Апаттылықты төмендету үшін полицейлер мен «жедел жәрдем» қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында 13-15 қыркүйек аралығында «Түнгі жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
Түн болса да қала сыртындағы жолдарда көлік қозғалысы азаймайды. Жол үстінде алысқа қатынайтын фуралар, құрылыс алаңдарында, егістік басында баратын ауыр жүк көліктері арлы-берлі жүреді.
Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты. Шаршаңқылық деңгейін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды.
Сондай-ақ полицейлер мен медицина қызметкерлері ұйқы қысқан жағдайда не істеу керек екенін айтты. Қарапайым дене жаттығуларын жасау, суық сумен жуыну, ыстық шай ішу және т.б. Қажет болған жағдайда полицейлер жүргізушілердің алдына түсіп, оларды демалатын кемпингтерде жеткізіп, кофе мен бауырсақтар үлестірді.
«Айта кету қажет, шамамен біздің облыста адамдар зардап шегетін әр бесінші жол-көлік оқиғасы республикалық маңыздағы жолдарда тіркеледі. Жыл басынан мұндай 59 факті тіркелді, 17 адам көз жұмып, 113 адам жарақаттар алды. Бұл ретте профилактикалық жұмыстар өте маңызды және тұрақты түрде жүргізілетін болады», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.