Бүгінгі таңда террористік қауіп қандай, олар туындаған жағдайда қорғану шаралары қандай

Бүгінгі таңда террористік қауіп қандай, олар туындаған жағдайда қорғану шаралары қандай

Бүгінгі таңда террористік қауіп қандай, олар туындаған жағдайда қорғану шаралары қандай – бұл туралы Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің оқушыларына СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері айтты.

СҚО әкімдігінің дін істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл сабақ С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті. Тәртіп сақшылары мен мамандар жастарға «терроризм», «радикализм» және т.б. ұғымдарды түсіндірді. Сондай-ақ дін саласындағы террористік қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік туралы айтты.