
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Руслан Даньяров пен оқу-жаттығу взводының командирі полиция подполковнигі Олег Гурскийді әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Екеуі де еңбек жолын төменгі лауазымдардан бастап, басшылық қызметке дейін жетті. Қызмет кезінде сәйкесінше, 75 және 59 марапат алған.
Олардың жетекшілік етуімен аталмыш бөліністерде білікті мамандар қалыптасып, үлкен жұмыстар атқарылды.
«Қызметтеріңізді адал, мінсіз атқарғандарыңыз және қызметкерлерге деген жақсы қарым-қатынастарыңыз үшін департамент басшылығы мен әріптестеріңіздің құрметіне ие болдыңыздар», - деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.
Әріптестері зейнеткерлерді өмірдегі жаңа кезеңмен құттықтап, оларға және отбасыларына жүрекжарды лебіздерін арнады.